Бүгінгі үкімет жиыны Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатыр


Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады. 

Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың басы маңызды оқиғаларға толы болғанын айтып өтті. "Сіздің осы аптада жарияланған халыққа Жолдауыңызда айтылған тапсырмалардың бәрін жүзеге асыру мақсатында жұмысқа кірісіп кеттік. Соған орай үкіметтің арнайы отырысын өткізіп, экономикалық өсудің жаңа моделін жасауға арналған нақты жоспар құрдық. Жолдаудағы әр тапсырмаға жауапты адамдарды белгіледік" деді үкімет басшысы.