Caravan Logo

Бүгіннен бастап Алматыда электр жарығы 76 тиынға қымбаттады

Бүгіннен бастап Алматыда электр жарығы 76 тиынға қымбаттады

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің электр энергияның бөлшек саудадағы бағасын көтеру бойынша өтінімін қарады.

Жаңа тариф ҚҚС-сыз 13,66 теңге/кВтсағ көлемінде ұсынылды, ал қолданыстағы орташа жіберу тариф ҚҚС-сыз 12,8 теңге/кВтсағ құрайды, бұл 6,7 % жоғары.

«Департаментпен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ұсынған ҚҚС-сыз 13,66 теңге/кВтсағ мөлшеріндегі орташа жіберу тарифінің жобасы ҚҚС-сыз 13,56 теңге/кВтсағ (қосылған құн салығынсыз) мөлшері деңгейіне дейін төмендетілді»,- делінген Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәліметтерінде.

Атап айтқанда, электр энергиясына сараланған тарифтер келесідей келісілді:

1) Тәулік зоналары бойынша:
жеке тұлғалар үшін (ҚҚС-сыз):
түнгі зона тарифі - 3,83 теңге/кВт/сағ.;
күндізгі зона тарифі - 17,39 теңге/кВт/сағ.;
басқа тұтынушыларға (ҚҚС-сыз):
түнгі зона тарифі - 3,83 теңге/кВт/сағ.;
кешкі зона тарифі - 28,37 теңге/кВт/сағ.;
күндізгі зона тарифі - 13,56 теңге/ кВт/сағ..

2) Үш деңгейлі тарифті қолданумен жеке тұлғалармен оны тұтыну көлеміне байланысты (ҚҚС-сыз):
ең төменгі тариф (Т1) - 12,01 теңге/кВт/сағ.;
ең жоғары тариф (Т2) - 16,28 теңге/кВт/сағ.;
ең жоғары тариф (Т3) - 20,35 теңге/кВт/сағ.