Бүгіннен бастап қытайлық вакцина салынады

Бұл туралы Еуразия Бірінші арнасы хабарлайды.

Біріккен Араб Әмірліктерінде шығатын Синофарм компаниясының 7 400 доза вакцинасы бас қалаға жеткізіліпті. Hayat-Vaх аталатын препарат нұр-сұлтандықтарға ерікті түрде ғана салынады. Бұдан өзге, астананың қоймаларына QazVac -тың 6 мың дозасы әкелінген.

Сонымен, елімізде коронавирусқа қарсы үш вакцина бар, атап айтқанда ресейлік "Спутник V, отандық QazVac және қытайлық Hayat-Vaх.