Активтер Қырғызстан Республикасы үкіметі, "ҚырғызГаз" АҚ, "ҚазТрансГаз" АҚ мен "ҚырҚазГаз" Бірлескен кәсіпорындары арасында 2004-жылдың 27-қазанында қол қойылған активтерді басқару жөніндегі келісім шарты мен "ҚырҚазГаз" Бірлескен кәсіпорнына инвестиция салу шарттары туралы инвестициялық келісімге сәйкес өткеріп берілді. Жалпы алғанда "ҚырҚазГаз" Бірлескен кәсіпорнына 64,7 млн. сомның активтері сенімді басқаруға берілді.
"ҚазТрансГаз" басшылығының бағалауынша, бұл құжатқа қол қою аймақтағы экономикалық интеграцияны нығайтуға қызмет етумен бірге бірлескен кәсіпорын жұмысының нақты жолға қойылуына жасалған үлкен қадам болмақ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Бұхара - Бішкек - Алматы" магистральдық газ құбыры учаскелерін бірлесіп пайдалану жөніндегі шешім мемлекет басшылары деңгейінде 2003-жылғы желтоқсанда қабылданды. Қазақстан-Қырғызстан біріккен кәсіпорнын құру туралы уағдаластыққа да сол кезде Астанада үкіметаралық комиссияның отырысында қол жеткізілді. Ал 2004-жылғы қараша айында "ҚырҚазГаз" Бірлескен кәсіпорнын құрып, оған Бұхара көгілдір отын аймағы- Ташкент-Бішкек-Алматы" газ тасымалдау жүйесінің Қырғызстанға қарасты активтерін сенімді басқаруға беру туралы келісімге қол қойылды.
Бірлескен кәсіпорынды құру арқылы Қырғызстан аумағы арқылы өтетін газ құбыры жүйесінің техникалық ахуалын жақсарту мақсаты көзделді. "ҚырҚазГаз" Бірлескен кәсіпорнының жарғылық капиталын "ҚазТрансГаз" және "ҚырғызГаз" АҚ тең бөліп шығарды.
2005-жылдың 14-маусымынан бері "ҚырҚазГаз" Бірлескен кәсіпорны "ҚазТрансГаз" АҚ-ның еншілес кәсіпорны "Интергаз Орталық Азия" АҚ үшін Қырғызстан аумағының солтүстік бөлігі арқылы табиғи газ тасымалдайды.
"ҚазТрансГаз" АҚ "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ-ның құрамына енеді. Ол Қазақстан аумағында магистральды газ құбырларының инфрақұрылымын басқару, сатып алу, қызмет көрсету және пайдалану, газ кеніштерін игеру, аймақтық газ таратушы желілерді тұтыну мақсатымен 2000-жылы құрылған.