Бұхарада сақалдыларды футбол көруге жібермей қойды


"Бұхара" футбол командасының фан-клуб лидерлерінің бірі стадионға сақалды жанкүйерлерді жібермеу жөнінде ауызша бұйрық болғанын айтады. "Сақалды жас жігіттерді жібермейді. Тек 40-45 жас шамасындағы сақалды ер азаматтарға ғана рұқсат береді. Қазір барлық жерде осындай тәртіп", – дейді "Бұхара" командасының фан-клуб жетекшісі.

Құқық қорғаушылар күш құрылымдары қызметкерлерінің әрекеттерін заң бұзушылық деп бағалайды. "Қоғамдық орындарға сақалды мұсылманды жібермеу бұл азаматтардың діни сенім бостандығына шектеу болып табылады "- дейді штаб пәтері Францияда орналасқан "Орталық Азиядағы адам құқықтары" қауымдастығының жетекшісі Надежда Атаева.