"Бүкіл әлем дамып жатыр, ал менің отырысым мынау": Роза Рымбаеваның келіні босанғаннан кейінгі депрессия туралы айтты

Бұл туралы ол Instagram паракшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы

"Декреттің алғашқы айлары, әсіресе, бірінші мәрте ана болған әрбір әйелге жеңіл болмайтыны анық. Қол-аяғың енді жеңілдеп бауырыңа алған жаңа өмір иесінің алғашқы күндерінен бастау алатын шақты мен де басымнан өткіздім. Енді жұмысқа шықпайтындай, артық салмақ осылай қалып қоятындай,  көңіл-күйің әрдайым құбылып, көз жасыңа ерік беріп, ойың сан-саққа шашырап, не істеп жүргеніңді өзің түсінбей қаласың кейбір сәттерде",- деп жазды ол. 

Сондай-ақ, жас ана мұндай ситуацияларға басқа қырынан қарау керек, - дейді. 


"Ана болу әрбір әйел адам үшін - бұл да өзіндік самореализация. Ол кезең әрбір әйел адамның басынан өтеді, мен де ана болудың алғашқы кезңін кезеңін басымнан өткерудемін - осы қырынан қарап, жеңіл түрде, тіпті процесстен рақат алып өткізуіміз өзімізге байланысты ғой, шынаны келгенде", - дейді ол.