Бүкіл әлем Түркия еліне көңіл айтып жатыр, ал Сирия балалар үйіндегі ешкімге керегі жоқ жетім баланы елестетіп отыр - журналист

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Түркиядағы зілзаладан қайтқан түркі бауырларымыздың қайғысына аза бойым қаза болуда. Әйтсе де, жанындағы Сирияда да адамдар  мыңдап өлуде. Жаным ауырып отыр осы елдің халқына да.

Бүкіл әлем Түркия еліне көңіл айтып жатыр, ал Сирия Балалар үйіндегі ешкімге керегі жоқ жетім баланы елестетіп отыр...

Соғыстан көз ашпаған сириялықтарға енді зілзала ауыр батпандап экономикасын одан бетер құлдыратты-ау деп мен отырмын. Балаларды аяймын осы елдегі, аналарды аяймын...


Үлкендердің кесірінен бала-шаға соғыстан көз ашпап еді, енді міне...

Мына бейнежазбадағы сәбидің көрер жарығы бар екен. Осындай зілзалада дүниеге келген шақалақтың анасының көз жұмғаны жаныңды ауыртады", - деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.