Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Мен GOLD-қа салдым. Несие алып оны инвестицияға қойдым. Олардың келісімшарттары бар деген соң, 300 мың теңге салдым. 28 қаңтар ашылу күні болды. Бас қаламызда енді ашылып тұрған. Жабылады деп ойлаған жоқпын. Бүкіл алтындарымды ломбардқа өткізіп 300 мың теңгені сол жаққа апарған болатынмын. Маған төлеу чегін де берген. Бірақ 11 ақпанда жабылды. Түркістан облысыдағы туысымыз 149 мыңға ашты, бір жыл бойынша істеді. Басында оған мән берген жоқпыз. Өте жақын туысымы болған соң, қайта неисе алып салдық. Олар Төле би ауданында қаланың ортасында офис ашып істеді. Маған ай сайын 50 пайызын алып тұрасың деп айтты. Туысымнан сұрағанымда ешқандай қорықпаңыздар деді. Төле би ауданының 90 пайыз тұрғыны сол жерге ақша салған. Туыс қиянат жасайды деп ойлаған жоқпын. Мен сендім», – дейді Баян Бақытжанқызы.
Ал Гүлмира Бектасова «Ломбар-24»ке сенбей тұрса да, 300 мың теңге салыпты. Ол да несие алған.
«Ломбар 24-ке» қасымда жұмыс істейтін қыздар салды. Қалай қызықпайсың? Мен де несие алып, 300 мың салдым. Күйеуім екеуміз негізі бір айдай ойланып жүрдік. Қасымдағы қыздар пайыз ала бастаған соң да сендім. Сөйтіп бір айдың пайызын 105 мың теңгесін алдық. Олар үш айда 105 мыңнан төлеп беру керек. Біз салардың алдында барып сөйлестім, келісімшартты көрсетті. Менде ешқандай күмән болмады. Өйткені басқалар миллиондап салды. Енді ол несиені өзіміз төлейміз. Басқа не істейміз? Өйткені көрейік деп салып көрген едік. Мен оның бір күні жабылатынын сезіп жүрдім. Сол үшін де ешкімді шақырған жоқпын», – дейді Гүлмира Бектасова.