Бүкіл тәртіп сақшылары жабылып, бір қызды үйіне қайтара алмай жүр

Троицк ауылындағы Остапенколардың үйін полицияның торуылдап жүргеніне бір апта. Үйінен қашқан қызды қайтадан көрші облыстағы Тайынша ауданына алып кетуге көндіре алмаған олар енді қулыққа басып түн қата келген. Себебі күндіз есікті қасақана  ашпайды екен. 

Абзал Башаров, Тайынша аудандық ІІБ жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы:

-Туысқандарының арызымен  келдім.Бұл кісілердің үйіндеггі бұл қыз заңсыз. Туыстықтары жоқ. Мамалары алып келіңдер деді.

17 жастағыЗулиханның өз үйінен қашып Остапенколар отбасына келіп тығылуы бірінші рет емес. Бұған дейін оны туысқандары 4 рет алып кеткен. Осы жолы қыз үйіне қайтудан үзілді-кесілді бас тартуда. Бауыр басып алған бөтен үйдегі әйелді анашым  деп  ал жаңа отбасындағы бойжеткен қызды әпкесіндей көреді.

Зулихан Жабаева, өз үйінен қашып жүрген қыз:

-Егер мені алып кетсе, онда өз өзіме қол салам. Асылып өлем. Мені үйде ұрып соғады. Тамақ бермейді. Анам маскүнем, бармаймын онда.

Галина Остапенко, Троицк ауылының тұрғыны:

-Өте биязы, жұмсақ мінезі. Кісіге жақын. Сосын мүмкін жақсы көріп қалдым. Біз оны көшеде жүргенінен алып келдік. Шашы биттеп кетіпті. Жуындырып, өз баламдай ұстап отырмын. Егер рұқсат етсе, асырап алам.

Зулиханды асырап алатындай ол жетім емес. Анасы, әжесі бар.  Олар өзгенің баласына жармасқан Остапенколардың  әрекетін түсіне алмай дал.  Өздері  де, жұмбақтап жарытып ештеңе айтпады екен. Ал Зулихан бір ай бұрын Петропавлдағы жүйке аурулары диспансерінен ем алып шыққан. Анасы Әсияның да ақыл есі кем. Бірақ, екеуін де әжесі екеуміз күтіп бағамыз, Зулиханның ауруы биыл ғана білінді. Сосын кешкі мектептің 9-шы сыныбынаа ауыстырған едік дейді. Ал отбасының бейберекет тірлігі байқалмады.


Тамара Новохатская,Зулиханныыың туысы:

- Оны ешкім де ұрмайды. Қайдағы арақ, арақ ішетін адамға ұқсаймыз ба? Анасы ауырады, менің қасымда үй шаруасымен айналысады. Олар ақыл есі кем баланы  заңсыз ұстап отыр.Үйінде 30 жастағы ұлы бар. Сол үшін ұстап отыр ма деп күдіктенем.

Зулиханның туысқандары полицияға шағым түсірген. Әзірге, Зеренді,Тайынша аудандарының  полицейлері жабылып  қызды бөтен үйден қайтарып алуға шамалары келмей отыр.