Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясынан мәлімдеді.
АИБА басшысы жаңа APB жобасына қатысатын боксшылармен кездесіп, оқу-жаттығу кешенін: қонақ үйді, жаттығу залдарын, оқу аудиторияларын және басқа да нысандарды аралап шықты.
Чинг-Куо Ву мырзаның академиядағы атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толды. Осыдан кейін АИБА президенті спортшылармен қысқаша әңгіме өткізді.
- Әлемнің ең үздік боксшыларымен көріскеніме қуаныштымын, - деді өз сөзінде Чинг-Куо Ву мырза, - Бүкіләлемдік бокс академиясы - АИБА қоластындағы спортшылар мен мамандардың өз біліктіліктерін арттыратын орын. Академияны қазіргі заманғы сәулет өнерінің бетке ұстар нысаны деуге болады. Осы кешенді салғаны үшін Қазақстанның бокс федерациясына алғысымды білдіремін. Бір айға жетер-жетпес уақыттан кейін АИБА-ның жаңа APB жобасы басталады. Енді Про-боксинг сайыстарына сіздер тыңғылықты дайындалуларыңыз керек. Барлық жайттарды ескеріңіздер».
Өз кезегінде Қазақстанның бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектенов спортшыларды жаңа кешенмен құттықтады.
«АИБА-ның үлкен отбасын өз үйлеріне қол жеткізгендерімен құттықтаймын! Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығына және Ву мырзаға сенім білдіргендері үшін алғысымды білдіремін. APB жобасы үлкен жетістіктерге жетеді деген сенімдемін! Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!» - деді Б. Бектенов.
Бүгін Бүкіләлемдік бокс академиясының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Оған Чинг-Куо Ву мырзамен қатар, ҚР Денсаулық және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев және басқа ресми тұлғалар қатысады. Ашылу рәсімінен кейін APB-дің алғашқы маусымының жеребесі тартылады.