Бүкіләлемдік бокс сериясында «Астана арландарының» 2 сайыпқыраны көш бастап келе жатыр


Онда 54 келіде 23 жасар қазақстандық Мирас Жақыпов бірінші, Италияның «DOLCE & GABBANA MILANO THUNDER» командасынан 29 жасар молдовалық Вячеслав Голжан (Goljan) екінші, Ұлыбитанияның «GREAT BRITAIN AND NORTHERN IRELAND» командасынан Андрей Селви үшінші орында тұр. Ал аса ауыр салмақта (+91) астаналықтардың хорватиялық легионері Филип Хргович бірінші, Германияның «German Eagles» командасынан Ерик Пфейфер (Erik Pfeifer) мен ұлыбритандық командадан Жозеф Жойсе (Jozef Joyce) 2-3 орынды бөлісуде. «Астана арландары» боксшыларынан сондай-ақ, 73 келі салмақта Мексиканың «Мехico Guerreros» командасындағы өз отандасы Иван Голубтан кейін украиндық легионер Сергей Деревианченко екінші келе жатыр. Өзге салмақтарда Әзірбайжанның «Baku Fires» командасынан ресейлік Алберт Селимов 61 келіде, «Мехico Guerreros» командасынан Исаак Уноз Гутиеррез 85 келіде топ жаруда.