Бүкіләлемдік Ислам лигасы Түркістанда Нәзір Төреқұловқа ескерткіш ретінде мешіт салуға қаржылық көмегін ұсынады

Бүкіләлемдік Ислам лигасының мүшелері құрылыс құнының 75 проценті көлемінде қаржы бөлуге әзірлік танытқан. Түркістанда бұған арнап 0,5 гектарлық жер телімі бөлініп, құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.

Ы.Ысмайыл өзінің Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары кезінде Бүкіләлемдік Ислам лигасы төрағасының қабылдауында болған. Мұнда ол Н.Төреқұловтың жалғыз қызы Әнел Нәзірқызы туралы мәліметтер жинап қайтқан болатын. Ы.Ысмайыл Абдалла Ат-Туркиге Мәскеу қаласында қазақ, орыс, ағылшын және араб тілінде жарық көрген Нәзір туралы кітабын сыйға тартты. Мешіт салу арқылы Н.Төреқұловқа мәңгілік ескерткіш тұрғызу туралы мәселе сол сапар кезінде талқыланған болатын.