Н.Әбіқаевтың айтуынша, құрылтайды тұрақты жұмыс істеуші ұйым ретінде тіркеу дүниежүзінде болып жатқан оқиғаларға жедел үн қатуға, сондай-ақ, мемлекет басшылары мен әлемдік қауымдастыққа қаратып айрықша өзекті проблемалар бойынша мәлімдемелер жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Н.Әбіқаевтың айтуынша, алдағы екінші құрылтайдың басты мақсаты - түрлі дін өкілдері арасындағы пәтуаластыққа жол табу болмақ. Құрылтай хатшылығының жетекшісі бұған қоса алғашқы құрылтайдың мақсаты "түрлі конфессиялар өкілдерін ортақ келіссөз үстелінің басында жинау" болғанына баса назар аударды. "Бұл мақсат шын мәнінде орындалды",- деді ол.
Н.Әбіқаевтың атап көрсетуінше, сондай-ақ құрылтайға қатысушылар дін мен лаңкестік арасын байланыстыру мүмкін емес екеніне, "оларды өзара сабақтастыруға болмайтынына" қоғам назарын аударуды көздеп отыр.