Букмекелерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салудың салдары қандай?

Құмар ойын десе кірпідей жиырыла қалатын қоғам үшін спорт пен лудоманияның арасы жер мен көктей болуы керек. Алайда спорттық ойыны қайсы, құмар ойыны қайсы? Көпшілік түсіне бермейді. Депутаттар Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына тыйым салынатыны туралы заң қабылдағанымен, көпшілікке заңның жай-жапсарын нақтылап, түсіндірмейді. Оның орнына, болып жатқан жағдайға барлық жауапкершілікті букмекерлік ұйымдардың жарнамасы мен қызметіне аударуға тырысады. Бұл әдіс қаншалықты дұрыс және заңды?

Бұл туралы Астанада өткен букмекерлік кеңселер мен БАҚ-тың жарнама нарығына шектеулердің әсерін талқылауға арналған пікірталас барысында талқыланды. Талқылаудың өтуіне таяуда мәжілісмендердің «Ойын қызметі туралы» заңға жаңа қатаңдататын түзетулерді қабылдауы түрткі болды.  Осы орайда, айта кеткен жөн. Спорттық бәс тігулер мен онлайн-казиноларды, «құмар ойыны» терминімен қатар қолданатын ойын тұрлерін ажырата білу маңызды.

Қазақстанның букмекерлік кеңселерінің өзін-өзі реттейтін ұйымының президенті Рауан Кенжалиннің айтуынша, спорттық бәс тігу спортпен тығыз байланысты. Бұл жерде кездейсоқтық жоқ, спорттық оқиғаларды мұқият талдау және түсіну бар.

«Спорттық жарыстарда бәс тігу – ақша табу үшін емес, ойын-сауық ретінде және футболдан әлем чемпионаты, Олимпиада ойындары сияқты жергілікті және жаһандық маңызды спорттық іс-шаралардың атмосферасын сезінудің тәсілі екенін түсіну керек. Формула 1 және Мото жарысы, киберспорт турнирлері де енеді», - деді ол.

Осыған қарамастан, ҚР Парламенті Мәжілісі «Ойын бизнесі туралы» заңның екінші оқылымында қабылдаған заңнамалық түзетулер букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасын барынша шектеуді көздейді.

«Оларға сәйкес, интернет-ресурстарда, ресми сайттарда, телеарналар мен радиоларда, баспа БАҚ-та, қоңыраулар мен SMS арқылы жарнамаға толығымен тыйым салынады. Мұндай жарнама тек спорт нысандарында, спорт сайттарында, телеарналарда және спорттық жарыстарда ғана рұқсат етіледі», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетов.

Ал «барлық тармақтар бойынша шектеулер айтарлықтай ауыр болғанымен, букмекерлік бизнестің Қазақстан аумағында жұмыс істеуі қаншалықты орынды?» деген заңды сұрақ туындайды?

«Шынында да, бұл мәселенің бір ұшы – ұйымдастырушылары біздің елден тыс жерде орналасқан заңсыз нарық үлесінің артуына әсер етуі болып отыр. Ал бұл іс мемлекет тарапынан құмар ойындарға тәуелділікті бақылайтын тиімді бақылау механизмінің жоқтығынан», - деді Рауан Кенжалин.

Осыған байланысты депутат Никита Шаталов пен Ислам Сұңқар «заңды қайта қарастырып, бақылауды тиімді реттеу жолын дамыту керек» деген пікірде.

 «Біз букмекерлік кеңселерді ұйымдастыру туралы ұмытпауымыз керек, олардың қызметі белгілі бір шектеулермен болса да, бірақ рұқсат етілген шеңберде және бұл бизнесті елде қалдыру керек, өйткені бұл оң нәтиже береді», - деді Ислам Сұңқар.

Мәселен, букмекерлік кеңселерді БАҚ-та жарнамалауға толық тыйым салу «күтпеген және жағымсыз салдарға» әкелуі мүмкін.

«Заңды букмекерлік кеңселер өздерін жарнамалау мүмкіндігінен айырылған кезде, олардың орнын заңсыз операторлар мен онлайн-казинолар тез басып алады. Бұл заңсыз сектордың жұмысын күшейтеді. Ойын индустриясын реттеуге, жарнаманы тек бір ғана спорттық телеарнаға беру –  нарықтың монополиялануына әкеліп соғады. Бұл тәсіл БАҚ-тың тәуелсіздігіне қауіп төндіреді, бұл мемлекет басшысы айтқан демократияландыруға қайшы әрекет», - деді БК ӨӨРҰ-ның президенті.

Орталық Азия жарнама қауымдастығының атқарушы директоры Анна Тюткованың айтуынша, БАҚ-тағы тікелей жарнаманың шығыны, демеушілік пен тікелей спорттық хабарларды таратуды айтпағанда, 18 миллиард теңгені құрайды.

«Бұл сөзсіз сапалы контент пен хабарларды өндіруге арналған ресурстардың азаюына әкеледі. Әрине, бюджет кірісінің едеуір қысқаратынын естен шығармаған жөн», - деді ол.

Рауан Кенжалиннің сөзінше, Мәжіліс Парламентінің «Ойын қызметі туралы» заңы бар, бірақ, Денсаулық кодексінде олай емес, бұл тіпті, «ойынға тәуелділік» деген ұғым да жоқ. Басқаша айтқанда бұл құбылыстың сипаты мен емдеу әдістері анықталмаған. Демек, қазақстандық букмекерлік кеңселер ұйымының пікірінше, құмар ойындарға тәуелділікке байланысты тәуекелдерді азайту үшін негізделген ғылыми және медициналық базаның болуы өте маңызды.