Ольга Рыпакованың үш қарғып секіруде «алтын» алуын букмекерлер 18.25 коэффициентімен бағалады. Ол олимпиадалық туринирдің басты жүлдесіне үміткерлер тізімінде төртінші орында тұр.
Олардың пік3рінше, жоғары наградаға нағыз үміткер: 32 жастағы колумбиялық Катрин Ибаргуэн деп санайды. Оның жеңісі коэффициенті 1.3.
Тізімдегі екінші орынға басты үміткер Венесуэладан 20 жастағы Юлимар Рохас аталып отыр - 4.7. Турнирдің үшінші үміткері деп 27 жастағы грек спортшысы Параскеви Папахрис саналуда - 13.25.
Еске сала кетейік, сенбі күні, 13 тамызда, Астана уақытымен 18.40-та Олимпиада стадионында жеңіл атлетикадан әйелдер арасындағы «үш қарғып секіру» жарысы өтеді. Қазақстан намысын атақты жеңілатлет, 2012 жылғы Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова қорғайды. Ол Қазақстанның басты үміттерінің бірі.
Жарыстар финалы 15 тамызға таңғы сағат 6:00-ға жоспарланған.