Букмекерлік кеңселерді жарнамалаған блогерді өлім жазасына кесті

Иранда Тегеран трибуналы букмекерлік кеңселерді жарнамалаған және құмар ойындардан миллиондаған ақша табамын деп мәлімдеген блогер Милад Хатамиді дарға асу арқылы өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Хатами Түркияда бас сауғалап жүрген жерінен ұсталған.  2021 жылы Интерполдың өтініші бойынша оны Иран Ислам Республикасына берген болатын. 

Блогердің 959 мың жазылушысы бар аккаунты бұғатталған. Парақша профилінде  бұл аккаунт сот органдарының бұйрығымен "Қылмыстық мазмұндағы контентті жариялағанына  байланысты" бұғатталған делінген.


Loading...