Букмекерлік кеңсені тонаған ұры қолға түсті - Қызылорда облысы

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бетін тұмшалап алған ол түнде Шиелі ауданындағы букмекерлік кеңсенің кассасын тонап, 320 мың теңгеден астам қаржымен қашып кеткен.

«Төңіректі шолу барысында көзге түскен күдікті полицейлерден сытылып кетпек болған. Тұйыққа тірелген кезде өз-өзін атып тастамақ болған оған полицейлер кедергі жасады», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.