деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова.
«Бетпердемен беттерін тұмшалаған біреулер «Авангард» шағынауданындағы букмекерлік кеңсеге баса-көктеп кірген. Күзетшіні соққыға жығып, кассадан 70 мың теңге мен кассир қыздың 22 мың теңесін тартып әкеткен. Кеңседен қашып шыққан күдіктілерді ішкі қызмет патрулінің солдаттары байқап қалады. Сарбаздар рация арқылы оқиғаны ІІД жедел басқару орталығына хабарлайды. Полицейлер камераның көмегімен олардың ізіне түсіп, қай үйдің кіреберісіне тығылғанын түсіріп алады. Артынша полицейлер тобы оқиға орнына келіп, ұрыларды қолға түсірді. Олардың біреуі Атырау тұрғыны болса, екінші сыбайласы Алматы облысынан болып шықты. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында олардың басқа қылмысқа қатыстылығының бар-жоғы анықталатын болады», - деп хабарлады Г.Мұхтарова.