Бұл Абай бұрынғыдан өзгешерек - көрермен пікірі

Авторы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Иран-Ғайып, қоюшы режиссері және режиссердің ассистенті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Оразхан Кенебаев пен Бекжан Тұрыс, ал қоюшы-суретшісі Мұрат Сапаров.

Онда басты кейіпкерлерді Берік Айтжанов («Абай»), Оразхан Кенебаев («Құнанбай»), Саят Мерекеұлы («Оразбай»), Күнсұлу Шаяхметова («Әйгерім»), Ләззат Қалдыбекова («Нұрғаным») сияқты актерлер сомдады. Иран-Ғайыптың бұл туындысы әке мен бала, ұрпақ пе ұрпақ арасындағы күрделі қарым-қатынастарды интерпретациялау арқылы осынау көкейкесті мәселе туралы ой қозғайды. Шығармашылық топ автордың діттеген мақсатына қол жеткізе алды. Оны қойылым біткен кезде бір-бірімен алған әсерін жарыса бөлісіп жатқан көрермендердің - «Бұл Абай бұрынғыдан өзгерек болды», - деген сөзінен де айқын аңғаруға болады.