Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) бұдан бұлай MTK Global менеджерлік компаниясымен жұмыс істемейтінін хабарлады, деп жазады Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Боксшының әр асқан белесі дамуының сипаты. Бұл менің спортшы ретіндегі мақсатым. Өзім бірнеше жыл серіктес болған МТК Global (Kazakhstan) компаниясымен келісімшартымды аяқтадым. Бірнеше жекпе-жектер өткіздік, тамаша жеңістерге қол жеткіздік. Осы командаға айтарым тек алғыс! Бұл шешім - мансабыма ауадай қажетті жаңа жолдың бастауы. Жақын уақытта жекпе-жек күтіңіздер. Қолдаушыларыма рақмет", - деп жазба қалды Instagram парақшасында боксшы.
Loading...
Айта кетейік, Тұраров соңғы кездесуін 2019 жылы өткізіп, WBO белбеуін жеңіп алған еді. Бірақ 2021 жылы жекпе-жек өткізбеуіне байланысты бұл белбеуінен айырылды.