Бұл идея экономикаға қауіпті!

Jas qazaq: Мұхтар Болатханұлы, тауарларды белгілеу және қадағалау бойынша пилоттық жобаны Ресей қадағалайды. Сонымен қатар тауар белгілеу жұмыстарын Ресей компаниялары жүзеге асырады. Бұл заң неге халықтың талқылауынан өтпеді?
Мұхтар Тайжан: Мен бұл мәселені қаржы министрлігі Мәжіліске ұсынған сәтте көтерген болатынмын. Бұл туралы facebook парақшамда арнайы жазба қалдырып, тіпті презентациясын да жарияладым.
Бұл идеяны өте қауіпті деп білемін. Әсіресе экономикамызға – өте қауіпті. Өйткені Мәскеуде отырғандар біздің ұлттық бизнесіміз жайлы ақпараттың барлығын біліп отыратын болады. Қандай тауар өндіріп жатыр, қандай пайда түсіріп жатыр, тіпті одан түсетін салықтың көлемі қандай, қысқасы, бәрін біліп отырады. Барлық ақпарат енді Ресейге белгілі болғалы тұр. Бұл өте сақ болуды қажет етеді. Өйткені Ресей біз туралы ақпаратпен толыққанды қамтылады. Сол үшін бұл заңға қарсымын.
Jas qazaq: Егер осы заң жобасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін болса, біздің отандық бизнесмендердің көзқарасы қандай болмақ?
Мұхтар Тайжан: Елдің бизнесмендері бұл ақпараттан мүлде хабарсыз. Сондықтан да олардың реакциясы туралы әзірге болжам жоқ. Осындай мәселені көтерген Jas qazaq газетіне алғысымды білдіремін.


                                                                                                                        Ақпарат көзі: jasqazaq.kz