"Бұл кісілердің шұғыл бас қосуы тегін емес": Желіде биліктен кеткен экс-шенеуніктердің бас қосқан суреті тарады

Бұл туралы Самат Нұртаза желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.  

Бұл фото “Lugano” ресторанында бірнеше күн бұрын түсірілген. Қазақстан Республикасының экс-премьеры, экс-мәжіліс спикеры және экс-президент әкімшілігінің басшысы бас қосыпты.

“Соғыстан кейін қылышыңды боққа шап” дегендей, бұл кісілердің шұғыл бір жерде бас қосуы да тегін емес. Өткен Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауын кезектен тыс өткізу туралы сөзі бұл кісілердің жанды жерлеріне тигендей. Тыпыршып кеткені сезіліп еді, енді мына фотосурет сол ойдың дәлеліндей болып тұр.

Жалпы шетелде жүрген оппозиция мен “Ескі Қазақстанның” кадрлары бас қосуы да ықтимал. Билікке жету жолында принцип жоқ. Құрбандыққа 10, 100, 1000 адамның өмірін шалу - оп-оңай. Қоғам соны ұғып, түсінсе деймін. Популисттерге ақша құйып сайратып қою - бұл кісілерге проблема емес.

Қанды Қаңтардың қаны аз болғандай, мойындарында қарапайым халықтың көз жасын арқаласа да, бұл тіршілік иелерінде қанағат пен тоқтау жоқ тәрізді. “Қарны жуан байлардан дәулет кетпес демеңіз” дегендей, бұлар да өздерінің дәуірі аяқталғанын мойындағысы келмейтін сияқты. Бірақ Жаңа Қазақстан өз мақсатына жетіп жатыр, жоспарлар іске асып жатыр әрі болашақта асады да … тек сырттан лаңдататындар кедергі жасамаса", деп жазды Самат Нұртаза.

Алыстан түсірілген суреттегі адамдар расында да, экс-премьер министр Асқар Маминге, 
э
кс-президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековке және экс-мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллинге ұқсайды.  

"План "Б" құрып жатқаны анық, ойлағаны іске аспайқалғырлар ай", "Жай отырыс емес екені көрініп тұр", ""Бұрынғы достар" бірігіп жатыр!" "Әйтеуір тыныш болса екен", деп пікір қалдырды оқырмандар.

 

"