Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.
Әншінің айтуынша танымал медиа компания басшысы мен оның командасы алдын ала мейманханада нөмірді брондамай, жұмыстарына салғырт қараған.
"Әй, бұлар қоймады ғой!.. енді мені жынды қылуға шықты ма?! Мен өздері айтпаса, “SAAD” деген мейманханаға барып нем бар? Сол жерді нұсқағасын келдім, Медиакомпонияның салғырттығынан номер брондалмаған, содан мен қатты ауырып келгенімді, көшіп-қонып жүрмей, осы жерден номер алып беруді сұрадым. “Көшпенділер ойынына байланысты номерлер босамады”,- депті. Ол ойынның өз мәресіне жетіп, тарқағанына міне, бүгін 3-ші күн. Бұл не, сасқан үйрек артымен жүзедінің кері ме? Осы кішкентай ғана жұмыстан сыр бергендеріне ренжідім, рас! Артынан басшыларының жазып отырғаны келесі бетте.
Жалпы, мен майдаланып, мейманхананы мәселе қылу үшін ашынғаным жоқ, ашынуымның себебі - құрметсіздікте! Біреуді қаралап, ел алдында әжуалау да маған тән емес. Тағы айтамын, қадірімді қашырғанына, жалпы мұндай жағдайдың жиі қайталанатынына кәдімгідей ренжіп отырмын.
Мұндай оқиға жалғыз бұл жерде емес, барлық салада бар. Әліне, атағына, ақшасына қарап бағалау, қорыққанды сыйлау, қазақылыққа менсінбеушілікпен қарау - барлық құрылымда бар. Менің айтарым, әуелі Алладан, сосын, момынның ашынуынан, Қазақтың өкпесінің қақжарылуынан бәрі де қорқуы керек!..
Күйе жағумен емес, сыннан қорытынды шығаруға әрекет жасасаңыздаршы, айналайындар!
(Менің бұлар айтқандай ұрысып тұруға шамам болмады, қатты ауырып келдім. Сосын мына сториесті көргесін бізге жауапты болған қыздан “осындай дәрежеде әңгіме-айхай, мен тараптан артық сөз, болмаса, “Ritz-Carlton” деген әңгіме болды ма?”,-деп сұрасам, “мен ондайды естімедім. Динарамен сөйлескеніңізде не айтылғанын білмеймін”,-дейді. Керек десе, ол дауысты да жүктейін. Ал, Динараштың айтқаны келесі бетте)
@adam_di , сен үшін мына қаршадай қыз сот алдында жапқан жалалары мен менің өкпемді хайпқа балағаны үшін жауап беретін болды. Сенің көрегенділігің осы ма?!", - деп жазды әнші.