Бұл туралы Caravan.kz порталы хабардайды.
Заңгер:
"Кибербуллинг емес, қылмыстық қудалау деп қарау керек бұл іске!
Мөлдірге тағылған қылмыстық кодекстің 378-бабы.
Билік өкiлiн қорлау.
Яғни, әлеуметтік желіге тараған аудионың иесі Мақсат, Мөлдірдің үстінен арыз жазған екен!
Енді мен де Шымкент полиция департамент басшыларына сұрақ!
Аудиодағы екі қызметкер де билік өкілі болып табылады. Қалайша бұл бап екінші адамға қолданылады?!
Егер Мөлдір полицияда жұмыс істемейтін болса ғана, полиция қызметкеріне бағынбай қарсылық көрсетіп қорласа бұл бапты қолдануға болады!
Ал, екі әріптес арасында болған әңгіме билік өкілін қорлауға жатпайды! Ол әдеп сақтамағандық болады!
Аудионы тыңдадым бірнеше рет кесіліп монтаждалған, мейлі Мөлдір сол сөздерді айтқан делік , бірақ ол “әдеп кодексін бұзды менің ар-намысымды таптады”, деп неге басшылыққа арызданбаған?
Мен ар-намысты қорлағанды жақтамаймын, бәрі қудаланбай заң талабына сай жазаны алу керек!
Аудионы жазып алған жігіт құқық қорғау саласында қызмет жасайтын болған соң, ішкі тәртіп бойынша басшылыққа аудионы беру керек еді. Бәрі департамент ішінде шешілу керек еді! Бұл аудионың белгісіз аккаунттан желіге таралуы бұл да қастандықтың бір түрі!
Неге желі арқылы тарағанын, кім таратқанын Өзіндік қауіпсіздік неге анықтамайды?!
Сонда мемлекеттік қорғау обьектісі болып табылатын департамент ішінде арнайы санксиясыз адамның дауысын жазып алып, оны интернет арқылы тарата беруге болады ма? Неге аудионы жазып алып таратқан адамға қылмыстық іс ашылмаған?
Заңгер ретінде айтар болсам бұл қылмыстық қудалау!
Мөлдірді қаралауды тоқтатыңдар Шымкент полиция департаменті!
Сендердің жасаған заңсыз іс әрекеттерің ақтауға келмейді!",- деп жазды.
https://www.facebook.com/profile.php?id=100007981087790