"Бұл сатқыннан бәрін күтуге болады": Халық чемпиондарға шапан жапқан Бекболат Тілеухан жайлы (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Ол чемпиондарды шақырып қонақ етіп, шапан жапқан. Видеодан Санжар Тәшкенбайды, Нұрбек Оралбай мен оның егізі Айбек Оралбайды байқауға болады. 

Видеоны қызу талқылап жатқан халық чемпиондарға экс-депутаттан аулақ жүруге кеңес беруде. "Бекболаттан аулақ жүріңдер жігіттер", "Бұл сатқыннан бәрін күтуге болады", "Теке сақал болып кетпеңдер ана есалаң Бекболатқа еріп", "Бәрін сақалды қылып жібермесін басқа ағымға бағыттап" , - деп жазды олар.


 

Loading...