Бұл туралы ол желідегі парақшасына мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Оның айтуынша отбасында күтпеген жағдайлар орын алған.
"Бүгінгі жазбамды қыздарыма арнаймын. Олардың біреуі отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты бастан өткерді. Бұл туралы айту маған оңай емес. Бірақ мұны мойындаудан ұялмаймын. Өйткені үнсіздік әрдайым қорғай бермейді, ал ашық әңгіме кейде біреуге өз қайғысын жалғыз өткермеуге көмектесуі мүмкін.
Мен бұл туралы барлығын жасырмай, шынайы әрі боямасыз айтып беремін.
Барлық егжей-тегжейі осы күзде жарық көретін кітабымда жазылады. Кітаптың тұсаукесері қазан айында өтеді", - деп жазды ол.