Бұл ұсыныс бұрынғыдан өзгерек! Жігіттер де жылап жіберді

Ғаламторда тараған бұл жолғы бейнежазба мүлдем өзгеше, деп хабарлайды Caravan.kz.  

Онда тойы болып жатқан қалыңдық қолындағы гүлін әдеттегідей күйеуге шықпаған құрбыларына лақтырайын деп тұрады. Бірақ лақтырмай қояды. Сөйтіп, гүлді бір құрбысына өз қолымен апарып береді. Ал сол кезде құрбысының жігіті оған күйеуге шығу туралы ұсыныс айтуға дайын тұрған. Тойға келгендер бұл көріністі көріп, көздеріне жас алды. Тіпті жігіттер де жылап жіберді.