“Бұл жағдай оған күш пен абырой қосады”: Гүлзира Айдарбекова түрменің Қайрат Нұртасқа қалай әсер ететінін айтты

Продюсердің Instagram желісіндегі оқырмандары бұл даулы оқиғаның өнер иесінің танымалдығы одан әрі артуына септігі тиетінін жазып, қолдау білдіруде.

”Қайрош мықты, бұл жайт күш пен абырой қосады. Халық Қайрошты жақсы көреді. Ол жас талғамайтын көрермені бар әнші. Ондай нәрсе сирек кездеседі. Алла жар болсын, бәрі жақсы болады”, - деп жазған Гүлзира Айдарбекованың оқырманы.

Продюсер бұл пікірмен келісетінін жасырмаған.

”Ол жағын өзім де көп байқаймын, рақмет”, - деді ол.