«Бұл жер цирк, ештеңе өзгермейді»: Депутат болған Ринат Зайытов пен Дәулет Мұқаевты көпшілік жаппай сынап тастады

Алайда көпшілік жаңа Парламент мүшелерінің бұл әрекетін жаппай сынап тастаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Желіде кешелі бері Ринат Зайытов пен Дәулет Мұқаевтың алғаш рет депутаттық сауал жолдап, Үкімет мүшелеріне сұрақ қойған сәті тарады. Дәулет Мұқаев әдеттегідей баспана бағасына қатысты шағым айтса, Ринат Зайытов мәдениет қызметкерлері жалақысының тым төмен екендігін жеткізген.

Осыған орай, су жаңа қос депутаттың әлеуметтік желідегі парашаларына көз салдық. Онда халықтың жаңадан сайланған халық қалаулыларына қатысты пікірлерінің қақ жарылғанын көруге болады.

Осылайша біреулер депутаттарға ақ жол тілеп, оларды мақтаса, енді бірі оларды сынға алған.

Солардың кейбірін назарларыңызға ұсынбақпыз:


«Бұл жер цирк, ештеңе өзгермейді», «Басқа-басқа Ринат пен Дәулеттен мұндайды күтпеп едік, өкінішті», «Не үшін барды осы кісілер билікке, бірдеңе шеше ме?», «Түк өзгермейді, соған көзім жетті бұл елде, депутаттар айлығын алып жүре береді, халық тиын санап отырады бұрынғыдай» деп жазды олар.

Айта кетейік, Ринат Зайытов пен Дәулет Мұқаевтан бөлек Мәжіліс депутаты қатарына Мақсат Толықбай, Нартай Аралбай сынды ел алдында жүрген журналистер де сайланған еді.