Геннадий Шиповских Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Елбасы алдында сөз сөйледі және сол жолы көптің есінде қалды. 2016 жылы Парламент Мәжілісіне «Нұр Отан» партиясы атынан депутат болып сайланды. Халық қалаулысы қызметіндегі еңбек жолы солай бастау алды.
Бүгінге қазақ тілі үшін жанын аямайтын депутатпен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жұмыстар төңірегінде Caravan.kz порталының тілшісі әңгіме өрбітті.
- Рухани жаңғыру идеясы дегенді қалай түсінесіз?
- Әрбір адам баласы сонымен қатар әрбір елдің халқының өзінің рухани құндылықтары бар. Рухани дүниелері бар. Біздің елімізде ғана емес күллі әлем бойынша цифрлық заман болғаннан соң, әр елдің өз байлықтары бар. Кезінде 2017 жылы Елбасымыздың бастамасымен құрылған Рухани жаңғыру бағдарламасы бастамасы жайлы айтар болсам, еліміздің салт-дәстүрін, рухани байлықтарымызды инновациялық заманмен ұштастырсақ екен деймін. Былай қарайтын болсақ, заман ағымымен өмір сүру. Дегенмен өзіміздің шыққан жерімізді ұмытпау және рухани құндылықтарымызды дамыту бойынша үлкен жұмыстар. Елбасымыз: "Алдағы уақытта біз өзіміздің қара алтынымызды қолдауымыз қажет", депайтқан болатын. Яғни, мұнаймыз бен мәдени, рухани жағынан күллі әлемге танылуымыз қажет деп ойлаймын.
- Айтыңызшы қазіргі жастар, қоғам белсенділері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қандай жұмыстар атқарып жатыр?
- Ұлттық жоба аясында айта кететін басты нәрсе ол «100 жаңа есім» аясы. Бұл жастарға өте жақын жоба. Неге десеңіз бүгінгі таңда жастар елімізде тек біздің ғана емес басқа да шет елдерге өзінің аттарын шығарып жүрген жастарымыз өте көп. Олардың бірін айтатын болсам ол Димаш Құдайбергенов бауырымыз. Одан қалса жақында грэмми сыйлығын ұтып алған Иманбек атты ініміз. Осындай азаматтар міне 100 жаңа есімге кірді. Біздің елімізде осы есім ішіне еніп жатқан, басқа саладан басқа да азаматтар көп. Өздерінің еліне, жеріне деген сүйіспеншілін көрсетіп барынша тырысып жатыр. Елдің көркеюіне аянбай еңбек етіп жатқан жастарды көріп, кеудемді қуаныш кернейді. Әрине бұдан бөлекте қаншама бағдарламалар бар «Рухани жаңғыру» аясында жұмыс жасап жатқан. Осының бәрі жастар мен біздің қоғамды бірігіп жұмыс жасауына пайдасын тигізіп жатыр деп айта аламын. Бұл рухани жаңғырудың үлкен көрінісінің бірі.
- Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы бағыттар уақыттың талаптарына нақты жауап береді ме?
- Мен кәміл сеніммен айта аламын, уақыттың талабына сай жауап береді. Оның ішінде, өзінің жақсы бағыттары бар. Ал, мен нақты біреуін айтып кетер болсам, өздеріңіз де байқап жатқан боларсыздар, біз бірте-бірте латын қаріпіне көшіп жатырмыз. Менің ойымша осы бағыт қазіргі уақыттың талаптарына нақты жауап беріп жатқандығының көрінісі. Себебі, жұмысты байқайтын болсақ, кезінде бір латын қаріпін өзіміз жазған болатынбыз. Яғни, біздің ата-бабаларымыз оны кеңінен пайдаланған. Бірақ, кейіннен өздеріңізге белгілі саяси себептермен кириллицаға көшіп кеткен болатынбыз. Алайда, рухани жаңғыру аясында осы дүниелер қайтадан жаңартылуда, жаңғыруда. Және Елбасы нақты тапсырма берді алдағы уақытта толық латын қаріпіне көшуге. Ол бізге несімен маңызды дейтін болсақ, бұл жердегі маңызды дүниесі біз баяғыдан латын қаріптерін пайдаланып келеміз. Бірақ, оны өзіміз байқамаймыз. Мысалы, өзіміздің хат келетін пошталарамыздың барлығы латынша жазылады. Одан бөлек қазір достарымызға да хат алмасар болсақ, латынша әріп қолданамыз, тағы айтар болсам қазір көліктеріміздің сериасы жалпы латынша жазылады. Сондықтан, осы нәрсені де еске ала кеткен жөн деп ойлаймын. Біз латын әліпбиіне көшпейміз, біз латын әліпбиіне ораламыз. Осыны есте сақтаған жөн!
- Рухани жаңғыру» – болашағымызға бағдар. Бағдарламаны алдағы уақытта да ойдағыдай жүзеге асырған жағдайда, 10 жылдан кейінгі біздің қоғам қалай болады деп ойлайсыз?
- Жоғарыда айтып өткенімдей «Рухани жаңғыру» жобасы аясында түрлі жобалар іске асырылып жұмыс жасап жатыр. Әрбір жобаның біздің өмірімізде теуіп тұрып орын алатындай құндылықтары бар. Тайға таңба басқандай әрбір жоба өзінің пайдасын тигізіп жатыр. Өзіміздің ұлттық даму жоспарымызға байланысты бәрі орындалуда. Бізде жасалып жатқан жоабалар тек Қазақстанға ғана емес, күллі әлемге танылатындығына мен кәміл сенемін. Менің ойымша алдағы уақытта дамыған Қазақстанымыздың ішінде жаңа ұрпақтың, тәуелсіз ұрпақтың үлкен бір керемет көрінісі болатын өзінің рухани құндылығы жоғары азамат пен азаматшалар. Осының барлығы алдағы уақытта жақсы көрінісіне айналатын сияқты. Бұл жоба еліміздің жарқын болашағы үшін жұмыс жасайтын жоба екендігіне сенемін.
Геннадий Шиповских - Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты «Сексеуіл» кентінде 1989 жылы 22 қазанда дүниеге келген. Әкесі - Геннадий Павлович Шиповских пен анасы Лидия Николаевна Куликова қарапайым еңбек адамдары болған. Бала Геннадий қазақ балабақшасына барып, қазақ мектебінде оқыған. Мектепті тәмәмдаған соң, Қазалы ауданындағы теміржол училищесіне түскен. 2016 жылы өзінің жан-жақтылығының арқасында Нұрсұлтан Әбішұлының қолдауымен ҚР Парламент Мәжілісінің ең жас депутаты болып сайланған.
Депутат Геннадий Шиповских министр ұсынған заң жобасының жауаптылық жағы солғын екенін сынаған болатын.
«Заң жобасында көрнекі ақпаратты ресімдеу кезінде орфографиялық нормалар мен аударманың тең түпнұсқалығын сақтау бөлігінде талап енгізілді. Осы қосымша талап бұзылған кезде әкімшілік жауаптылық мүлдем көрсетілмеген. Сонда ұсынылып отырған жаңашылдық іс жүзінде қалай орындалады», - деген.
Өзінің өткір тілімен, жауапкершілігінің арқасында елімізге еңбегі сіңіп жатқан депутат Геннадий Шиповскихке сұхбаты үшін алғыс білдіреміз!