Бұлақ ГЭС құрылысы 2008 жылы басталуы керек - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі

"Облыс әкімі Жәнібек Кәрібжанов аймақтағы энергия тапшылығын жоюдың кезекті қадамы болып табылатын Бұлақ ГЭС-ін салу мәселесі бойынша жоба жасау ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

"Қазқуат" АҚ жасап шығарған жобаның жалпы құны шамамен 39 млрд теңгені құрап отыр. Бұлақ ГЭС жоспарланған қуаты - 68 МВт.

"Бүгінгі күні контрреттегішті салудың басты мәселесі оның қаржыландырылуы болып отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. "Қазқуат" АҚ басшылығы қаржыландырудың бір көзі ретінде қарыз қаражаты мен акционерлік капиталдың теңдей қатысуын ұсынған. Облыс әкімі тиісті құрылымдарға мемлекет пен жеке сектордың серіктестігі негізінде аталмыш объектіні инвестициялаудың басқа да жолдарын қарастыруды тапсырды", - деп хабар берді әкімшіліктегілер.