Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
"Мен сіздердің алдарыңызға бір ауыз сөзбен шыққым келіп отыр. "Отыздан асып барамын" деген бір кино шыққан екен. Ол туралы кеше ғана естідім, біреулер сілтемесін жіберді. "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына бір кино шығыпты, ішіндегі ойнап жүрген кісі сізге ұқсамайды, бірақ сіз деп береді", - деді. Біріншіден, мені ешкім киноға шақырған жоқ. Екіншіден, алдымнан ешкім өткен жоқ. Үшіншіден, мен әлі тірімін. Ол әнді "Өмірдің көбі кетіп, азы қалды" деген әнді ол жерде менің дауысым. Менің дауысымды басқа біреуге айтқыздырып мен жанды дауыста айтып тұрмын, ол фонограммамен айтып тұр. Ол да ұятсыз қыз екен, менің алдымнан өтпей ме? "Апам әлі тірі, неге өзі айтпайды", - деп айтпай ма? Сондықтан соттасып жүретін уақытым жоқ. Бірақ, ол кинода ойнаған мен емес. Не болса да бұлар менің жауларым деп ойлаймын. Мені жаман қылып көрсеткісі келген. Кім түсірсе де бұл дұрыс емес, мен әлі жер бетінде бармын. Сенбеңіздер, ол жерде мен емес. Мен олай ойнамаймын", - деді Мақпал Жүнісова.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Қуаныш Бейсековтың режиссерлігімен Тәуелсіздік күніне орай "Отыздан асып барамын" фильмі YouTube желісіне жүктелген болатын.