Бүлдіршіндерге қол көтерген балабақша тәрбиешісі қылмыстық жауапқа тартылды


Тәрбиешілер тіпті бақылау камерасының тұрғанын білсе, именіп жүрген жоқ. Мына кадрде балалардың бірін төсектен жұлып алып сілкілесе, екіншісінің басынан жұдырықпен ұрғаны анық көрініп тұр. Алты минут ішінде ұстаз «Челенджер» бөбекжайдағы жатын бөлмені толық аралап шығып, әр балаға қол көтеріп үлгерген. Шошып қалған жеткіншектерге кейін психологтың көмегі қажет болыпты. Ал жасалған сот сараптамасы олардың үстінде жеңіл дене жарақаттары барын анықтады. Осы оқиғадан соң кінәлі тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, мекеме қызметкерлерінің барлығы жаңартылған.