Ал іштегі бүліктің шығуына тыйым салынған заттарға тінту жасау себеп болыпты. Тек бір тексерудің өзінде абақшы қызметкерлері 15 ұялы телефон, 20 пышақ, теледидар мен желдеткішке дейін тәркіленген. Аталмыш заттардың қатаң бақылаудағы нысанға қалай өткізілгенін анықтау мақсатында тексеру жұмыстары басталып кетті. 170/2 түзету мекемесінде қазір жағдай біршама тұрақталған. Жараланған сотталушыларға медициналық жәрдем көрсетілсе, туыстарына оларды көруге мүмкіндік беріліпті. Сондай-ақ жауаптылар шу шығарғандарға қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғады.
Бекболат Төремұратов, БҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы:
- Шу болуы мүмкін деп тиісті орындарға алдын-ала хабарладық. Неге десеңіз, сотталғандарды тәртіпке келтірер болсақ үнемі осындай былық орын алады. Өз-өздеріне қол жұмсайды деген сияқты.