"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасы бойынша қорытынды 19-желтоқсанға дейін жасалады

Комитет төрайымы Зәуре Қадырованың айтуынша, "мекеме екіге жарылып, жаңа ақпарат министрі тағайындалуға байланысты" осындай мерзім белгіленіп отыр.

Сондай-ақ, халық қалаулылары "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасын қарамас бұрын мәжілістің жалпы отырысында осы тақырыпта парламенттік тыңдау өткізбек ниетте.