Бұқаралық ақпарат құралдарының бірқатар журналистері президентінің сыйлықтары мен гранттарына ие болды

Қазақстан Республикасы президентінің сыйлықтары:

Александр Аксютицке және Бейсен Құранбекке – «Хабар» агенттігі» АҚ ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшілеріне – елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси реформалар барысын жоғары кәсіптік деңгейде көрсеткені, Қазақстан өңірлері туралы репортаждар мен деректі фильмдер топтамасы үшін;
Жұмабек Кенжалинге – «Қазақ газеттері» ЖАҚ президентіне және Сұлтан Оразалинге – публицистке – қазақстандық журналистика мен ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілді.

Қазақстан Республикасы президентінің гранттары:
Көлбай Адырбекұлына – «Түркістан» халықаралық саяси апталығының тілшісіне – ұлттық тарихтың көрнекті қайраткерлеріне арналған, «Казахское дело» айдарымен жарияланған мақалалар топтамасы үшін;
Рәзиға Әшееваға – «Алтын орда» республикалық апталығының Астанадағы меншікті тілшісіне – Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін белсенді көрсеткені үшін;
Қызылорда облысының «Сыр бойы» газетінің шығармашылық ұжымына - өңірде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын терең әрі жан-жақты көрсеткені үшін;
«Эксклюзив» шолу-талдау журналының шығармашылық ұжымына – Қазақстанның жағымды инвестициялық имиджін нығайтуға қосқан үлесі, мемлекеттік экономикалық саясатты белсенді көрсеткені үшін;
«ЭРА телекомпаниясы» ЖШС шығармашылық ұжымына – «Жаңалықтар», «Открытый разговор», «Жылы жүздесу» жобалары және елорданың ақпараттық кеңістігін дамытуға қосқан үлесі үшін тапсырылды.

Қазақстан Республикасы президентінің Алғысы:

Юрий Кириницияновқа – «Весь мир» газетінің шығарушысына – Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының кірігуі мен даму үдерістерін белсенді көрсеткені үшін;
Бейбіт Құсанбековке – «Хабар» агенттігі» АҚ публицистикалық бағдарламалар редакциясының бас редакторына – «Бірінші банкир» деректі фильмі үшін;
«Тандем» телерадиокомпаниясының шығармашылық ұжымына (Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалалары) - өңірлік радиожурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін;
Алма Үмбеттегіне – «Ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер газетінің бөлім меңгерушісіне – балалар мен жастарды патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін жарияланды.