Бұқтырма су қоймасынан екі ер адамның мүрдесі табылды

ТЖ департаменті хабарлағандай, күндіз олар жазғы үйшік шатырын қардан тазалау үшін бір жағалаудан екінші жағалауға қайықпен жүзіп жүрген. ТЖ құтқарушылары батып кеткен екі ер адамның мүрдесін жағаға шығарды.

Оқиға орнында 2 техника мен төрт маман жұмыс істеді.