Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бурабайда аэродром қашан салынады?
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы курорттық аймақта шағын аэродром салу әлі де жоспарланып отырғанын хабарлады.
"Бюджет тапшылығына байланысты Бурабай курорттық аймағында шағын аэродром салу жобасын инвестор тарту арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Қазір жоба шарттарды талқылау және кейін іске асыру үшін инвестор іздеу, сондай-ақ нысан орналасатын жерді анықтау сатысында", - деп хабарлады ведомство.
Осылайша, әкімдік болашақ аэродром орналасатын жерді әлі анықтауы тиіс.
Құрылыс нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз. Мерзімі, нысан сипаттамасы және өткізу қабілеті инвестор тартылып, жобалық құжаттама дайындалғаннан кейін анықталады.
Алматыдан Бурабайға тікелей рейс қашан пайда болады?
Ведомство өкілдері Алматы мен Бурабай арасында әуе ақатынасын іске қосу идеясының әзірге нақты мерзімі жоқ екенін атап өтті.
"Рейсті іске қосу мүмкіндігі Бурабай курорттық аймағындағы шағын аэродром құрылысы жобасының іске асырылуына байланысты қарастырылады", - деп нақтылады әкімдік.
Астанадан шығатын рейстер туралы не белгілі?
2025 жылғы 13 қарашада Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астана мен Бурабай курортын әуе бағытымен байланыстыру жоспарланып отырғанын айтқан болатын. Сондай-ақ ол Щучинск-Бурабай курорттық аймағы облыстың туристік картасында ерекше орын алатынын атап өтті. Наурызда "туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға басымдық беретін" 2029 жылға дейінгі даму жоспары бекітілді.
Сонымен қатар көлік вице-министрі Талғат Ластаев бұл жерде тұрақты рейстер емес, чартерлік бағыттар туралы сөз болып отырғанын айтты.
Біз Ақмола облысы әкімдігінен рейстің мән-жайын нақтылап сұраған едік. Рейс ашылады, бірақ ескертін жайттар бар.
"Ол тұрақты емес, жеке өтінім бойынша болады. Қызмет құны әзірге анықталу үстінде. Қазір ұзындығы бір шақырымға дейінгі ұшу-қону жолағын орналастыру үшін алаң таңдау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді әкімдіктегілер.
Астанамен тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етіп, жол уақытын қысқартуы тиіс шағын аэродром жобасы әзірге пысықталу сатысында.
Жоба жарияланғаннан кейін бір жылға жуық уақыт өтсе де, оны іске асыру бойынша нақты шешім әлі де қабылданған жоқ.
Астанадан Бурабайға қалай жетуге болады: такси, пойыз және көлік бағасы
Бурабай курорты Астанадан шамамен 250 шақырым және Көкшетаудан 80 шақырым жерде, Щучинскіге жақын орналасқан. Оған бірнеше жолмен жетуге болады: