Бурабай ұлттық бағында елікті қырған браконьерлер іздестірілуде

Табиғат қорғау прокуратурасы қызметкері Ербол Құсайыновтың айтуынша, сәрсенбі күні таңертең Темногорск орман шаруашылығы аумағынан елік пен үш түлкінің қаңқасы табылған.

«Сол жерден қарда жүретін көліктің ізі табылды. Қазір браконьерлер іздестіріліп жатыр. Жануарлардың өлекселері де табылуы мүмкін», - деді ол.