Бурабайда еркін күрестен және әйелдер күресінен халықаралық жарыс мәреге жетті

КСРО спорт шебері Бекім Жапаровтың алпыс жылдық мерейтойы құрметіндегі халықаралық сайысқа еліміздің Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары мен Алматы қаласынан, Өзбекстан Республикасынан 1991-1993 жылдардағы 127 спортшы қатысып, 12 салмақ бойынша сынға түсті. Боз кілем үстіндегі белдесуге 50-120 келі салмақ аралығындағы ер азаматтар, 44-67 келі салмақ аралығындағы қыз балалар бақтарын сынаған болатын. Ақмола облысы бойынша еркін күрес федерациясы ұйытқы болып, шипажайдың қолдауымен өткен халықаралық жарыста Ақмола, Алматы, Қостанай облыстары мен Өзбекстаннан келген жас балуандар чемпиондық тұғырға көтерілді.