Саммитке барлық ТМД елдерінің қоғамдық жастар ұйымы бірлестіктерінің жетекшілері , мүдделі мемлекеттік мекемелердің өкілдері, ғалымдар мен балалар қозғалысы саласының мамандары қатысуда.
Форумда жастардың қоғам және мемлекет өміріне қатысуы, ХХІ ғасырдағы балаларлың азаматтық құқығы мен бостандығын жүзеге асыру ахуалы және оның болашағы туралы мәселелер сарапқа салынады. Бас қосу аясында балалардың қоғамдық қозғалыстары проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік ақпаратпен алмасып, "Қоғамдық балалар қозғалысы: қазіргі ахуал және ХХІ ғасырдағы даму перспективасы" тақырыбында ғылыми пікірталас пен көптеген кездесулер, конференциялар өткізіледі.
Сондай-ақ, экологиялық десант түсіріп, саммит қонақтарының қатысуымен "Бейбітшілік саябағының" іргетасын қалау көзделіп отыр.