Бурабайдағы лагерге демалуға келген 9 жасар қыздың неден көз жұмғаны анықталды


Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Арнайы комиссияны құрдық. Сол комиссия жұмыс істеп жатыр. Бізде биыл 11 мың мекеме бар балалардың жазғы демалысын ұйымдастыратын. Өткен жылы тоғыз мың болса, биыл екі мыңға өсті. Бізде арнайы комитет бар, сол комитет балалардың бар жағдайын қарап отыр.

Бірақ 9 жасар Аружан Әбілдина лагерге бармас бұрын медициналық тексерістен өтіп, «дені сау» деген анықтама алған. Енді жоқ жерден қалайша ішек инфекциясын жұқтырғанын марқұм қыздың анасы түсінбей дал. Тіпті бұл жағдайға баласына жөнді  қарамаған лагер тәрбиешілерін кіналап отыр. Айта кетсек, марқұм жеткіншек Қарағанды облысының Жәйрем кентінен Бурабайдағы сауықтыру орталығына демалуға келген. Осында Аружанның қызуы 4 күн бойы түспей, ақыры аурухана төсегінде бақилық болды. Енді жалғыз баласынан айрылған ата-ана «Континет» лагерін сотқа бермек.