Бурабайдағы жазғы лагерге демалуға келген оқушы көз жұмды

Бурабайдағы лагерге кеткен 9 жасар Аружан осылай аяқасты жазым болды. Зар еңіреп қалған анасының оған сенгісі жоқ. Жеткіншек 40 баламен бірге Бурабайдағы сауықтыру орталығына Қарағанды облысының Жәйрем кентінен демалуға келген екен. 4 күннен кейін Аружан анасына ауырып қалғанын айтып хабарласқан.

Перизат Әбілдина, марқұмның анасы:

-5 күн бойы ұстаған. Түнде қарамаған. Денесі бәрі ауырады, ешкім қарамаған. Бала тамақ ішпеген. Дәрігерлер қазір айтады 1-2 күнде бала мұндай жағдайға жетпейді деп.

Жеткіншектің қызуы шынымен 4 күн бұрын басталыпты. Лагерь дәрігерлері тамағы ауруы деп емдесе керек. Дерті асқынғанда ғана  облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне жеткізген. Бірақ ағзасына инфекция түскен оқушы қызды мұндағылар да ажалдан арашалап қала алмады.

Лариса Блажко, Ақмола облыстық балалар аурханасының дәрігері:

-Бізге жеткізгенде баланың халі өте ауыр болды. Кеше түнде жасанды тыныс алу аппаратын қостық. Дәрігерлерлер бар мүмкіндікті пайдаланды. Ішегіне инфекция түскен.

Анасы қызының қазасына «Континент» лагерінің қызметкерлерін кіналап отыр. Айтуынша, түңде қасында ешкім болмай, балаға дұрыс қарамаған. Тамағы ауырғаннан адам өлмейді. Олар аурудың асқынып кетуіне жол берген деп отыр. Оның үстіне жеткіншектің хал үстінде жатқанын туыстарына хабарламапты. Лагерь директоры мән-жайды білмек болып барған тілшілерді де табалдырықтан аттатпады.  


Ресми түрде сауал жолдаңыз. Біз емдегеніміз жоқ. Кетіңіздер.

Жазғы каникулын қызықты өткізсін деп көрікті Бурабайға жіберген ана сөйтіп, қайғыдан қан жұтып қалды. Шарасыз әйел бүгін қызының өлі денесін Жезқазғанға алып кетті. Ол енді «Континент» лагерінің басшылығын жауапқа тартуды сот арқылы талап етпек.