Бүркіт Айшаның стилін сынға алғандарға жауап берді

Бұл туралы Stan.kz жазады.

«Барлығы Айшаға тиіседі. Ол қазір жаңа образға кіріп жатыр. Шашын жаңа түске бояп көріп жатқаннан кейін елдің барлығы «сары шаш жараспайды, анау жараспайды» деп жазады. Отырғандардың бәрі шетінен стилист әйтеуір. Оның шашы бояла ма, қысқара ма, ұзара ма, оның барлығы біздің стилистерге байланысты. Пікір жазып жатқандарға үлкен рахмет. Бірақ оқып қарасаң, барлығы шетінен шебер. Көбінесе үндемеймін», – деді Бүркіт 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.

Бүркіт Қадір түнінде басынан өткен жағдай туралы әңгімелеп берді.


«Кішкентай баламыз болғандықтан Қадір түнінде ешқайда шыға алмадық. Сол үшін өзіміздің баяғы неке қию рәсіміндегі суретімізді салып қойғанбыз. Сол жерде Айша жанымда отыр. Ақ көйлек, ақ шалбар киіп, басында ақ орамалы бар. Сөйтсе: «неге шалбармен кірген, неге ер адамның жанында отыр, не деген сұмдық» деп пікір жазған. Кілең шетінен бәрі мұсылман болып кеткен. Соған кішкене ызаң келеді. Шындығында, түнде осындай пікір жазатын, таяз ойлы адамдар үшін дұға оқыдым. Оларды Алла кешірсін. Ызаланбай-ақ қояйын деп сабыр сақтадым», – деді Айшаның күйеуі.