Бүркітшілердің халықаралық фестивалі: Бұл жолы бүркіттер қасқырға түспек


Оған Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Түркіменстан, Венгрия, Чехия қатарлы он екі елдің бүркітшілері қатысады, деп хабарлайды kazaitys. kz. Бүркітшілердің фестивалі еліміздің тарихында тұңғыш рет өткелі отыр. Жаңашылдығы сол - бұл жолы бүркіттер қасқырға түседі.

2004 жылы «Бүркітші» федерациясы құрылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына енді. Содан бері Күнтізбелік жоспарға сәйкес «Салбурын», «Саят», «Қансонар», «Бүркітшілердің Республикалық чемпионаты» жарыстары мен әртүрлі турнирлер өтіп келеді.