Асел Асқар өзінің Instagram-дағы парақшасында күйеуімен қарым-қатынасы тоқтағанын айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Ер адаммен қалай дұрыс қарым-қатынас құру туралы өз курстарын белсенді түрде жарнамалайтын актриса енді күйеуімен ажырасқалы жатыр!
Ол ұзақ уақыт бойы Instagram-да тек керемет сәттерді ғана бөліскені туралы айтты, енді ол жаман сәттері туралы айтқысы келетіндігін жеткізді.
Актриса ажырасу мәселесін өзі көтергенін мәлімдеді, ал Айбек оны қолдағанын айтты. Оның күйеуі қазір анасы қайтыс болғаннан кейін қиын кезеңді бастан өткеріп жатқан көрінеді. Сонымен қатар, ажырасудың себептері туралы айта отырып, актриса олардың интимді және тұрмыстық келіспеушіліктері болмағанын айтады, сол үшін де күйеуіне алғыс айтты.
Актриса бірге түскен фотосуреттерді өшіргісі келмейтінін, сондай-ақ олар жақында көшіп келген пәтерде тұра беретіндігін айтты:
Жақында Әсел Асқар күйеуі мен баласымен бірге басқа жалдамалы пәтерге көшіп келді, ал Айбек оған Гелендваген сыйлады.
Бұл Бүркіттің жиенінің екінші некесі болатын, ол жиырма жасында тұрмысқа шығып балалы болды. Екі жылдық некеден кейін олар ажырасты, ал ұлының әкесінің кім екендігі әлі күнге дейін көпшілікке белгісіз.