Бұршақ, екпінді жел, қар: 10 сәуірде ауа райы күрт салқындайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

“10 сәуірде батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ және екпінді желмен бірге қатты жаңбыр күтіледі. Түнгі уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады”, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның 16 өңірі мен үш мегаполисінде күн райына байланысты ескерту жарияланды.

Ал бүгін еліміздің бас қаласы Астанада:

Күн бұлтты
Күндіз шамамен +1°C
Түнде -7°C дейін төмендейді
Желдің жылдамдығы шамамен 4–5 м/с
Қазір ауа температурасы шамамен -5…-6°C, бірақ желдің әсерінен -10…-15°C сияқты сезілуі мүмкін.