Бұршақ, күшті жел: Орза айт күні ауа райы қалай болады

Синоптиктер 5 маусым күні бірқатар өңірлерде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

5 маусым таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, 23 м/с дейін жетеді. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Осы күні Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел екпіні 15-20, күндіз 25 м/с дейін күшейеді. Өскемен қаласында 5 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Семей қаласында осы күні найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 5 маусым күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Осы күні Қостанай қаласында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан күшті жел соғады. Жер қарқыны 15-20 м/с болады.