Бұрын соңды болмаған тасқын Ресейді жайпап жатыр


Табиғат апатынан 2 адам мерт болып, тағы төртеуі із-түссіз жоғалып кеткен. 20 мың адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, шығын көлемі есептелуде. Құйып жауған жаңбыр Сібір, Алтай Республикасы, Тыва мен Хакасияның құтын қашырған. Жауын-шашын салдарынан тау өзендері тасып, жақын маңдағы желдердің барлығын шайып кетті. Төтенше жағдай мамандары апатты аймақта құтқару жұмыстарын жүргізіп, гумманитарлық көмек тасымалдауда. Ал су деңгейі түскен соң, тұрғындар өз баспанасына оралуда. Бірақ 8 мыңға жуық нысанды әлі де су басып жатыр.