Бұрынғы бас кеденші Баймағамбетовке сот үкімі 8-қаңтарда шығарылады

"8 қаңтар күні сағат 11-де үкім жария етіледі", деді ол жұмада "Интерфакс-Қазақстанға".

Алдында хабарланғандай, биылғы жылдың ақпан айының басында С.Баймағамбетов кеден бақылауы комитетінің бастығы қызметінен босатылған, 5-ақпан күні ол қамауға алынды.
Оған жалпы алғанда облыстық кеден бақылауы департаменттерінің біріне бастық етіп тағайындау үшін 80 мың доллар пара алды, деген айып тағылған болатын.
Сонымен қатар оған қызмет бабын бұрмалана пайдаланды, деген айып тағылған.
Кезінде С.Баймағамбетов ішкі істер министрі, президент әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі, қаржы полициясы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.